Бірлік монументі

Ордабасы

« Бірлік » ескерткіші  1997 жылы тұрғызылған, кең  мағыналы,  кең  тынысты үш бұрышты монументальды  композиция. Үш  бұрышы  үш  бидің  асқақ   тұлғаларын   бейнелейді.   Ескерткіштің  биіктігі   28 метр,  негізгі  ені  8  метр.

Авторы  Ғ.Садырбаев.

Кіші стелла

Кіші стелла

1997  жылы  орнатылған  кіші  стелланың   бет  айнасында  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  1993  жылы  елді  бірлікке  шақырған .Ордабасы  — ел  жүрегі, жер – кіндігі.  Деген ұлағатты сөзі жазылған.

Астыңғы  тұғырының  ұзындығы  7,40 м.  биіктігі  1,60  метр.  Кіші  стелланың    орта  бөлігінің  биіктігі  3  метр,  стелланың  ортасындағы  жазуы  бар  тақтайшаның көлемі  90 х 105  см.

Бірлік төбе

Бірлік төбе

   Бірлік  төбе  «Бірлік» ескерткішінің  күнбатыс  жағында  орналасқан.  Халық   арасында  бар  аңыздарға  қарағанда  бұл  төбе  қолдан  жасалынған.   1726 жылы   ұлы   құрылтайға  жиналған  жасақтар  өздерінің  туған  жерлерінен  топырақ  ала  келіп,  сол  төбеге  үйген  екен.  Еліміздің  түкпір – түкпірінен  арнайы  келіп,  бұл  күні  ат  басын  осында  тіреген  қаншама  адамдар  тауға  келіп,  ата – бабаларымыздың  ерлік  іс  жолында  бас  қосқан  жеріндегі  ескеркішті  көріп,  тарихымен  танысып,  маңызының   қаншалықты  зор  екенін  біліп  қайтады. Жиынның  неге  мұнда  өткені  жөнінде  осы  өңірдің  тұрғындарының  арасының  өзінде  көптеген  аңыздар  бар.

Бірлік төбе теңіз деңгейінен 530  м.  биіктікте ,  Ордабасы   қорығының   кіре    беріс  қақпасының  оңтүстік  шығысынан  3 км.  жерде    орналасқан.    Диаметрі  75 – 80 метр.       Биіктігі  14  метр  тік  төбешік

Сақ қорғандар

Сақ қорғандар

Ежелгі  сақ  қорғандары   ОҚО  археологиялық  отрядының  жетекшісі    А.С.Подушкиннің    зерттеу    жұмыстары   негізінде  б.з.д.  V  біздің  заманымыздың  VI  ғасырға  дейінгі  аумақты қамтиды.  Сақ  ақсүйектері  жерленген  деген  болжам  бар. Ежелгі  сақ  жауынгерлері  өздерінің  көсемдерін  ақ – сүйектерін  беделді  адамдарын  осында  жерлеп  отырған     Сақ  ақсүйектері  жерленген  қорғандар   Ордабасы  қақпасының     шығысында  3 км.  жерде  орналасқан. Анықталған  қорғандардың   саны  8,  барлығы    таспен    қоршалған.  Біреуінің  үстіне  белгі  тас  орнатылған  ( Һ ) – 0,6 – 1  м,   диаметрі   7 – 8  метр  жақсы  сақталған.

Белгі тас

Белгі тас

1993 жылығы ұлы жиында елбасымыздың болашақта осы жерге бірлігімізді және бабаларымыздың жерімізді сақтап қалудағы ерліктерін мәңгі  есте сақтау мақсатында ескерткіш  тұрғызылсын деген оймен қойылған  тас.

Биіктігі – 100см

Ені – 117 см

Қалындығы – 85 см

Тастағы  жазылған  әріптер  көлемі — 9×7 см

Өртеу рәсімі орыны

Өртеу рәсімі орыны

Өртеу рәсімі орыны жер қазылып, таспен қаланған зират орыны. Ежелгі түріктердің «Тугу» тайпасына тән өртеу рәсімі өткізілетін орын. Мұндай зираттарда мәйіт жерленбейді, рухына арнап мал сойып , от жағып мал сүйегін өртеп, күлін сол жерге көметін болған.

Белгі тас

Белгі тас-2

Белгі  тас  —  1997  жылы  орнатылған.  Жол  салу  кезінде  табылған  адамның  мәйіттерін  жинап,  қайта  жерлеп  соны  есте  қалдыру  үшін  орнатылған. Белгі  тастың   төрт  есігі  бар.   Жоғарғы  жағында  шығыс, батыс,  оңтүстік,  солтүстікті  білдіретін  нұсқалары  бар.   Белгі  тас  Ордабасы  тауының  тастарынан  қаланған. Киелі де,  қасиетті  Ордабасы  тауының  халқымыздың  ұл  қыздарына  тағлым  беретін  жағы  көп.  Сонау  заманда елдің  төрт  бұрышынан  келген  жауынгерлердің   мәйіттері   шыққан    орынға   орнатылған белгі  тас .  Биіктігі   8  метр  шеңберінің  диаметрі 5 метр.   Авторы  Сыздықов  Орал.

Хан қазаны

Хан қазаны

Хан қазаны  1977  жылы  орнатылған.  Бұл қазан  Қ.А. Яссуидың  Туркістан  қаласындағы  мавзолейдегі   қазанның  макеті. Қара  темірден жасалған.

Шеңберінің диаметрі  3,6 м.

Биіктігі  2,3 м.

Елбасы мінбері

Елбасы мінбері

Бұл  шатырда  1993  жылы  23  мамырда  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н. Назарбаев,  Қызғызстан  Республикасының  Президенті  А. Акаев  және  Өзбекстан  Республикасының  Президенті  И.  Каримов  үш  ел  арасындағы  «Мәңгілік  достық  туралы  мемарандумға»  қол  қойған. Биіктігі    —  5,80 м. Көлемі    —   6 × 6 м.

Этнографиялық киіз үй

Этнографиялық киіз үй

Алты  қанатты  киіз  үй.  Киіз үй  көптеген  халықтардың  негізгі  баспанасы  болған  қазақ  халқы  да  киіз  үйді  сан  мыңдаған  жылдар   бойы  өзінің  төл  баспанасы  етіп  келеді. Киіз  үйдің  құрылысы   кереге,  уық,  шаңырақ, сықырлауық,  маңдайша,  таяныш  секілді негізгі  бөліктерден  тұрады.Киіз  үйдің  диаметір – 4,30 м.Керегесінің  биіктігі – 1,62   м