1 наурыз алғыс айту күніне орай Бадам ауылдық мәжіліс залында «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының және Бадам ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту адамзаттың асыл қасиеті» тақырыбындағы мерекелік іс шарасы болып өтті. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастау алып, Бадам ауыл округінің әкімі Б. Оразалиев , Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығының директоры Б.Исматов алғашқы сөз сөйлеп , мереке күнімен ауыл тұрғындарын құттықтады. Мерекелік шараға қатысқан Бадам ауыл округіндегі өзге ұлт өкілдері де сөз барысында , ұлтымыз басқа болғанымен, туып өскен мекеніміз қазақ елі деп өз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар мерекелік шара барысында Бадам ауылдық өнер мектебінің окушылары өз өнерлерін көрсетіп, Ордабасы триосының орындауындағы әндерімен жалғасын тапты. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекемен Бадам ауылдық әжелер алқасының төрайымы, Бадам ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы да құттықтап , мерекелік шараға қатысқандарға отбасыларына амандық , қазақ еліне бақ — береке тілеп өз баталарын берді.