Бірлік төбе «Бірлік» ескерткішінің күнбатыс жағында орналасқан. Халық арасында бар аңыздарға қарағанда бұл төбе қолдан жасалынған. 1726 жылы ұлы құрылтайға жиналған жасақтар өздерінің туған жерлерінен топырақ ала келіп, сол төбеге үйген екен. Еліміздің түкпір – түкпірінен арнайы келіп, бұл күні ат басын осында тіреген қаншама адамдар тауға келіп, ата – бабаларымыздың ерлік іс жолында бас қосқан жеріндегі ескеркішті көріп, тарихымен танысып, маңызының қаншалықты зор екенін біліп қайтады. Жиынның неге мұнда өткені жөнінде осы өңірдің тұрғындарының арасының өзінде көптеген аңыздар бар.
Бірлік төбе теңіз деңгейінен 530 м. биіктікте , Ордабасы қорығының кіре беріс қақпасының оңтүстік шығысынан 3 км. жерде орналасқан. Диаметрі 75 – 80 метр. Биіктігі 14 метр тік төбешік