15 ақпан Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының кіші залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетіне қарасты «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының 30 жылдығы аясында «Тарих толқынындағы – Ордабасы» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Кездесуде сала басшылары тарихымыздан сыр шертер ақпараттармен бөлісіп, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының ашылу тарихын баяндады.Кездесуге қатысқан орталық қызметкерлері мен жастарға тақырып аясында көптеген тың деректер айтылып, арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы РМҚК арасында екі жақты бірлескен меморандумға қол қойылды.Меморандум мақсаты — ерікті жастарды «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығындағы атқарылатын тарихи, мәдени, ғылыми іс-шараларға тарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.