Сенім — серпін береді.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт  Тоқаев «Егемен Қазақстан»  газетіне берген сұхбатында 2023 жылы  елімізде көптеген маңызды оқиғалар болғанын айта келіп , 2024 жылы да игі жұмыстар жалғасатынына тоқталды.           Осы орайда «Ордабасы»  ұлттық тарихи  — мәдени қорығының ұжымы Мемлекет басшысының сұхбатын  талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Себебі бұл сұхбатта  алдағы 5 жылда  әлеуметтік — экономикалық   бағытта,  ішкі — сыртқы саясатта,  экономиканы әртараптандыру бағытында, инфрақұрылымдарды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту бағыттары бойынша қыруар жұмыстар атқарылатындығы айтылды. Сондықтанда бұл сұхбатты маңызды сұхбат деп түсіндік.                                                                                 Дөңгелек үстел барысында кәсіпорынның директоры  Исматов Б.А  сұхбаттың маңыздылығына тоқталып, әсіресе біздің қызметімізге қатысты тұсы , Жошы ұлысының 800 — жылдығына орай еліміздің тарихы тереңнен зерттелетіндігіне назар аударды. Сұхбаттағы мемлекет басшысының ел тарихын тереңнен зерттеу туралы айтқанына орай, біздің  Ордабасы  өңіріндегі киелі жерлерді зерттеудің бағыты бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуі тиіс екеніне тоқталып, 2024 жылы Қарабастау ауылы маңындағы тарихи орындарға ғылыми — зерттеу жұмыстарын жүргізуді қолға аламыз деді. Шын мәнінде Қарабастау ауылы маңындағы тарихи орын осы уақытқа дейін зерттелмеген. Жергілікті тұрғындардың кейбірі осы тарихи орыннан ерте қола дәуіріне жататын құнды жәдігер тауып алғанына біз  куә болып отырмыз. Зерттеуші ғалым, профессор А.Н.Подушкинде   осы өңірдің тарихи маңыздылығын айтуда.   Дөңгелек үстелде кәсіпорын директорының орынбасары Махамбетов Қ.М  Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың 2024  жылы еліміздің бірнеше халықаралық ұйымдарға төрағалық ететініне , 5 жылда  ішкі жалпы өнімнің екі есеге артып, азаматтардың табыстары екі есеге өсетіндігі, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»   тұжырымдамасы туралы, ішкі саяси тұрақтылық , сыртқы саясатағы бағыт — бағдар , әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығып тұрғаны туралы айтқандарын жеткізе отырып , Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын толық қолдайтындығын білдірді. Кәсіпорынның қор сақтаушысы Сейтжанов М.Ж Мемлекет басшысының сұхбатындағы айтылған ауқымды шаралардың орындалуы үшін «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» — дегендей билікпен халықтың арасы алшақтам , бірлік пен ынтымақтың арқасындағана жетістікке жетеміз деді .                                   Дөңгелек үстел барысында ұжымның басқа да қызметкерлері сөз алып,  елдің өсіп өркендеуі үшін Мемлекет басшысының осы сұхбатын маңызды екенін айта отырып ,ұжым болып жұмыс сапасын арттыру үшін күш салуға уағдаласты.