Сенім — серпін береді.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт  Тоқаев «Егемен Қазақстан»  газетіне берген сұхбатында 2023 жылы  елімізде көптеген маңызды оқиғалар болғанын айта келіп , 2024 жылы да игі жұмыстар жалғасатынына тоқталды.           Осы орайда «Ордабасы»  ұлттық тарихи  — мәдени қорығының ұжымы Мемлекет басшысының сұхбатын  талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Себебі бұл сұхбатта  алдағы 5 жылда  әлеуметтік — экономикалық   бағытта,  ішкі — сыртқы саясатта,  экономиканы әртараптандыру бағытында, инфрақұрылымдарды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту бағыттары бойынша қыруар жұмыстар атқарылатындығы айтылды. Сондықтанда бұл сұхбатты маңызды сұхбат деп түсіндік.                                                                                 Дөңгелек үстел барысында кәсіпорынның директоры  Исматов Б.А  сұхбаттың маңыздылығына тоқталып, әсіресе біздің қызметімізге қатысты тұсы , Жошы ұлысының 800 — жылдығына орай еліміздің тарихы тереңнен зерттелетіндігіне назар аударды. Сұхбаттағы мемлекет басшысының ел тарихын тереңнен зерттеу туралы айтқанына орай, біздің  Ордабасы  өңіріндегі киелі жерлерді зерттеудің бағыты бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуі тиіс екеніне тоқталып, 2024 жылы Қарабастау ауылы маңындағы тарихи орындарға ғылыми — зерттеу жұмыстарын жүргізуді қолға аламыз деді. Шын мәнінде Қарабастау ауылы маңындағы тарихи орын осы уақытқа дейін зерттелмеген. Жергілікті тұрғындардың кейбірі осы тарихи орыннан ерте қола дәуіріне жататын құнды жәдігер тауып алғанына біз  куә болып отырмыз. Зерттеуші ғалым, профессор А.Н.Подушкинде   осы өңірдің тарихи маңыздылығын айтуда.   Дөңгелек үстелде кәсіпорын директорының орынбасары Махамбетов Қ.М  Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың 2024  жылы еліміздің бірнеше халықаралық ұйымдарға төрағалық ететініне , 5 жылда  ішкі жалпы өнімнің екі есеге артып, азаматтардың табыстары екі есеге өсетіндігі, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»   тұжырымдамасы туралы, ішкі саяси тұрақтылық , сыртқы саясатағы бағыт — бағдар , әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығып тұрғаны туралы айтқандарын жеткізе отырып , Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын толық қолдайтындығын білдірді. Кәсіпорынның қор сақтаушысы Сейтжанов М.Ж Мемлекет басшысының сұхбатындағы айтылған ауқымды шаралардың орындалуы үшін «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» — дегендей билікпен халықтың арасы алшақтам , бірлік пен ынтымақтың арқасындағана жетістікке жетеміз деді .                                   Дөңгелек үстел барысында ұжымның басқа да қызметкерлері сөз алып,  елдің өсіп өркендеуі үшін Мемлекет басшысының осы сұхбатын маңызды екенін айта отырып ,ұжым болып жұмыс сапасын арттыру үшін күш салуға уағдаласты.

 

Мамандық таңдау адам өміріндегі маңызды мәселе

2 наурыз күні Ынтымақ ауылы С.Ысқақов атындағы негізгі орта мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен 9 сынып түлектеріне арналған «Мамандық таңдау» кеші өткізілді. Аталған шараға «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық музейінің бас қор сақтаушы Б.Касимов пен бөлім басшысы Ж .Ташбаевтар қатысып мамандық таңдау барысында қандай мәселелерге көңіл бөлу керектігі туралы өз ой пікірлерімен бөлісті. Бірнеше сала мамандарының қатысуымен өткен шара барысында түлектер өздерінің көкейкесті сұрақтарына жауап алып, мамандықты қалай дұрыс таңдай білуді ескере отырып жақсы маман иелері болып шығатындарына көз жеткізді.Сонымен қатар шараға қатысушылар арнайы музей қорынан жасақталған көрме жұмысымен танысып, тарихи оқиғалар туралы ақпарат берілді

Алғыс айту адамзаттың асыл қасиеті.

1 наурыз алғыс айту күніне орай Бадам ауылдық мәжіліс залында «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының және Бадам ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту адамзаттың асыл қасиеті» тақырыбындағы мерекелік іс шарасы болып өтті. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастау алып, Бадам ауыл округінің әкімі Б. Оразалиев , Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығының директоры Б.Исматов алғашқы сөз сөйлеп , мереке күнімен ауыл тұрғындарын құттықтады. Мерекелік шараға қатысқан Бадам ауыл округіндегі өзге ұлт өкілдері де сөз барысында , ұлтымыз басқа болғанымен, туып өскен мекеніміз қазақ елі деп өз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар мерекелік шара барысында Бадам ауылдық өнер мектебінің окушылары өз өнерлерін көрсетіп, Ордабасы триосының орындауындағы әндерімен жалғасын тапты. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекемен Бадам ауылдық әжелер алқасының төрайымы, Бадам ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы да құттықтап , мерекелік шараға қатысқандарға отбасыларына амандық , қазақ еліне бақ — береке тілеп өз баталарын берді.

«Асыл өнердің , алып нары» тақырыбында тарихи танымдық сағаты болып өтті.

2023 жылы Мәдениет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына орай Бадам ауылдық кітапханасында «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығының ұйымдастыруымен «Асыл өнердің , алып нары» тақырыбында тарихи – танымдық сағаты болып өтті.Аталған іс – шарада қорық музей қызметкерлері тарихи түлғаның өмірі мен қызметі жайында, қазақ халқына сіңірген ерең еңбегі жайында мол мағлұматтар берді. Сонымен қатар Т.Жүргенов жайында бейнеролик көрсетілді. 1898 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген ол ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашады. Содан соң 1917 жылы Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласып, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады. 1918 жылы «Қазақ мұңы» газеті редакциялық алқасының құрамына енді. Содан бастап көптеген жауапты қызметтер атқарған. Ерекше айта кететіні 1936 жылы Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1937 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы жылы 3 тамызда “халық жауы” деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының 1957 ж. 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып, ақталған.

ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ — ОРДАБАСЫ

 

15 ақпан  Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының кіші залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетіне қарасты «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының 30 жылдығы аясында «Тарих толқынындағы – Ордабасы» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Кездесуде сала басшылары тарихымыздан сыр шертер ақпараттармен бөлісіп, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының ашылу тарихын баяндады.Кездесуге қатысқан орталық қызметкерлері мен жастарға тақырып аясында көптеген тың деректер айтылып, арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы РМҚК арасында екі жақты бірлескен меморандумға қол қойылды.Меморандум мақсаты — ерікті жастарды «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығындағы атқарылатын тарихи, мәдени, ғылыми іс-шараларға тарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

«Тарихтан тағылым» тақырыбында тарихи — танымдық кеші болып өтті.

Бүгін «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының 30 жылдығы аясында Ордабасы аудандық кітапханасында «Тарихтан тағылым» тақырыбында тарихи — танымдық кеші болып өтті. Ордабасы тарихын , қорық музей қорындағы жәдігерлерді кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық кітапханашылар мен мектеп оқушылары қатысты. Айта кетер болсақ «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр . Қорық музейдің мерейтойы аясында түрлі ауқымды тарихи — мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

«Ордабасыға 30 жыл» тақырыбында тарихи – танымдық сабағы болып өтті.

                                                    Ордабасы қорығына 30 жыл»
 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығының 30 жылдығы аясында , аудан ортылығындағы «Амангелді» жалпы орта мектебінде «Ордабасыға 30 жыл» тақырыбында тарихи – танымдық сабағы болып өтті. Мектеп жоспарына сәйкес тарих — география пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала тарихы , Ұлт тарихы» тақырыбындағы аптылығаның ашылуы, «Ордабасы» қорық музейі мен «Ордабасы» аудандық тарихи өлкетану музейінің арнайы көрмесімен бастау алды. Аталған тарихи – танымдық сабақ барысында Ордабасы тарихы мен Ордабасы өңіріндегі тарихи – мәдени ескерткіш , музей қорларындағы құнды жәдігерлер жайында кеңінен мағлұматтар берілді. Сонымен қатар оқушыларға тарих ,география тақырыптары бойынша викториналық сұрақтар қойылып, шараның қызықты әрі тартымды өтуіне өз септігін тигізді. Танымдық сабақтың соңы арнайы концеррттік бағадарламамен ұласып өз жалғасын тапты.

«Тарих тағылымы – қасиетті құндылық»

Ордабасы ұлттық тарихи – мәдени қорығының   30  жылдық мерейтойының  жоспарына сәйкес Ордабасы аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе « Тарих тағылымы – қасиетті құндылық» тақырыбында іс шарасы болып өтті. Ұлағатты ұстаздар мен мектеп оқушыларынң  қатысумен өткен  іс шараны жастар орталығының директор уақытша міндетін атқарушы Сейлхасқызы Мөлдір ашып беріп, Ордабасы қорығының 30 жылдық мерейтойымен құттықтай келе қорық қызметкерлерін  келген қонақтарға таныстырып , алдағы уақытта 30 жылдыққа бірлесе атқаратын іс шараларды айта кетті. Ордабасы қорық музейінің директоры Б. Исматов сөз кезегінде  ұстаздар мен оқушыларға  «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығыың 30 жылда атқарылған жұмыстары мен жетістіктерін айтып, осы мерейтой аясында атқарылатын іс шараларды және Ордабасы сапар орталығын таныстырып өтті .Сонымен қатар іс шараға қатысушыларға «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығының ашылу мен Ордабасыдағы ұлы құрылтай жайлы қорық қызметкерлері  М. Сейтжанов , Ж.Ташбаев ,Б. Касимов кеңінен ақпарат беріп өтті. Нақтырақ айтар болсақ «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы тарихи оқиғалар мен археологиялық ескерткіштерді және 1726 жылы  Ордабасы тауында өткен  ұлы жиынды негізге ала отырып құрылғанын , Ордабасы өңірінің қазақ тарихында алар орны ерекше екенін баяндады. Іс шараға қатысушы ұстаздар мен оқушылар қорық музейдің 30 жылдығы аясында атқарылатын  шараларға өз ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді. Іс – шара  соңы «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени  қорығы мен Ордабасы аудандық жастар орталығының бірлескен меморандумға қол қоюымен қорытындылады. Қорық музейдің 30 жылдығы аясында атқарылатын іс шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

 

 

Қорық музейдің 30 жылдығы аясында атқарылатын шаралардың тұсау кесері өтті.

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл 1993 жылдың 26 – 28 мамыр күндері Ордабасы тауында қазақтың Ұлы тұлғалары Төле, Қазыбек, Әйтеке билерді, және 1726 жылғы Ұлы жиынды мәңгі есте сақтау мақсатында, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Еске алу» күндері болып өтті. Еске алу күндеріне арнайы қонақ ретінде сол кездегі Өзбекстан Президенті И. Каримов, және Қырғызстан Президенті А. Ақаев шақырылған болатын. Алғашқы болып мінберге көтерілген Н.Ә.Назарбаев жиылған халыққа құттықтау сөз сөйлеп, «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени және табиғи қорығын құру туралы» №1213 қаулысын оқыды.
Ордабасы қорығы Ордабасыда өткен тарихи оқиғалар мен археологиялық ескерткіштерді негізге ала отырып құрылған.
Биылғы 2023 жылы «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Аталған мерейтой аясында біршама республикалық, облыстық деңгейде өткізілетін ауқымды шаралар жоспарлануда. Бүгін Ордабасы қорық музей қызметкерлері мен Бадам ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ордабасы – бірлік пен татулықтың мекені» тақырыбында айтулы мерейтойға орай өткізілетін
шаралардың тұсаукесері өтті. Аталған шараға қорық музейдің ардагер зейнеткерлері,ауыл әкімшілігі, қоғамдық ұйым басшылары мен ауыл қариялары ,сонымен қатар тарихшы ұстаздар мен мектеп оқушылары қамтылды. Шараның ашылуы Ордабасы қорығында 10 жылдан астам уақыт басшылық қызмет еткен, зейнеткер ҚР Мәдениет қайраткері Шахар Қаназарұлының құттықтау сөзімен басталды. Осыдан соң ҚР жазушылар одағының мүшесі , жергілікті ақын Мұхтар Пірмағамбет атамыз қорық музейдің 30 жылдығына арнауын оқып шараның шұрайын келтірді. Өз кезегінде сөз алған қорық музей директоры Б.Исматов Ордабасы- қазақ халқының тарихыңда маңызы жағынан ерекше орын алатын, жоңғар басқыншыларына қарсы тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық қозғалыстың бастауы болып табылатынын айтып өтті.Сонымен қатар жалпы 30 жылдық аясында өткізілетін ауқымды шараларға тоқталып, құрылысы бітуге жақын қалған Ордабасы сапар орталығын жұмысымен таныстырды.
Тарихшы ұстаз Әкімхан Қалижан Ордабасының тарихына тоқталып өтіп бұл мерейтойды бүкіл республика көлемінде аталып өтілу керектігін айтып, осындай шараларға болашақ жастарды , мектеп оқушыларын көптеп қамтылса жастардың бойына бабалардың асқақ рухын ұялатып төл тарихымызды тереңірек таныту керектігін айтып өтті.Ұзақ жылдар бойы ұзтаздық етіп, білім нәрін сыйлаған зейнеткер ұстаз Дәрмен Сағыныш апамыз өз сөзінде шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтып сәттілік тіледі.Сонымен қатар қорық музей қызметкерлері соңғы жылдары жүргізілген ғылыми жұмыстар мен музей қорындағы құнды жәдігерлер туралы ақпарат беріп, алдағы уақытта осындай шаралар өз жалғасын табады деп айтып өтті. Шара соңы көне көз қариялардың алдағы жұмыстарға сәттілік тілеп бата берумен қорытындыланды.

Балалар бабалар тарихымен танысты

Биыл жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы», деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдени, рухани салада қолдау бағытында нақты шараларды қолға алу керектігіне тоқталған болатын.
Осы мерекелі жылға орай Ордабасы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлт рухының ұстыны- Ордабасы» атты көшпелі тарихи экскурсия ұйымдастырылды.
Өткен тарихымыздан сыр шертетін іс-шара аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдында салтанатты түрде басталып, аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл мән-маңызы зор жиынды ашып, тарихи экскурсияға сәттілік тіледі.
Іс-шараға ауданымыздың Білім бөліміне қарасты Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебі жанындағы интернат оқушылары, Амангелді, Н.Оразбаев және Темірлан жалпы орта мектеп оқушыларын қамтыған, 100-ден астам мектеп оқушылары қатысты.
Аудандық Білім бөлімі тарапынан дайындалған 3 автобусқа мінген жасөспірімдер үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауына, Қарауыл төбеге, Аққойлыдағы Ақмешіт тарихи сәулеттік ғимаратына, ондағы мұражайға саяхат жасады.
Сондай-ақ, бүлдіршіндер аудандық Мәдениет үйі ұсынған театрландырылған қойылым мен рухты әндерді тамашалады.
Аталған экскурсия барысында балалардың қауіпсіздігі үшін полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері қызмет көрсетті.