Ордабасы ұлттық тарихи – мәдени қорығының 30 жылдық мерейтойының жоспарына сәйкес Ордабасы аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе « Тарих тағылымы – қасиетті құндылық» тақырыбында іс шарасы болып өтті. Ұлағатты ұстаздар мен мектеп оқушыларынң қатысумен өткен іс шараны жастар орталығының директор уақытша міндетін атқарушы Сейлхасқызы Мөлдір ашып беріп, Ордабасы қорығының 30 жылдық мерейтойымен құттықтай келе қорық қызметкерлерін келген қонақтарға таныстырып , алдағы уақытта 30 жылдыққа бірлесе атқаратын іс шараларды айта кетті. Ордабасы қорық музейінің директоры Б. Исматов сөз кезегінде ұстаздар мен оқушыларға «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығыың 30 жылда атқарылған жұмыстары мен жетістіктерін айтып, осы мерейтой аясында атқарылатын іс шараларды және Ордабасы сапар орталығын таныстырып өтті .Сонымен қатар іс шараға қатысушыларға «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығының ашылу мен Ордабасыдағы ұлы құрылтай жайлы қорық қызметкерлері М. Сейтжанов , Ж.Ташбаев ,Б. Касимов кеңінен ақпарат беріп өтті. Нақтырақ айтар болсақ «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы тарихи оқиғалар мен археологиялық ескерткіштерді және 1726 жылы Ордабасы тауында өткен ұлы жиынды негізге ала отырып құрылғанын , Ордабасы өңірінің қазақ тарихында алар орны ерекше екенін баяндады. Іс шараға қатысушы ұстаздар мен оқушылар қорық музейдің 30 жылдығы аясында атқарылатын шараларға өз ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді. Іс – шара соңы «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы мен Ордабасы аудандық жастар орталығының бірлескен меморандумға қол қоюымен қорытындылады. Қорық музейдің 30 жылдығы аясында атқарылатын іс шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.