7 шілде күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы Машат шатқалында орналасқан « Самал » балалар жазғы сауықтыру лагерінде «Киелі мекеннің — қазыналы жәдігерлері» тақырыбында көшпелі көрме өткізілді.
Көрмеге Ордабасы өңірінен табылған археологиялық, нумизматикалық және этнографиялық заттар қойылды.. Нақтырақ айтсақ б.з.II-Vғ жататын керамикалық ыдыстар, сақ, түргеш, қараханидтер және Шағатй, Әмір Темір билігі кезінде жасалынған күміс, мыс тиындар. Қола мен темірден жасалынған жебе ұштары мен XIX-XX ғасырда тұрмыстық жағдайда пайдаланған этнографиялық жәдігерлердің тархымен танысты. Көрме соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, лайықты жауаптарын алды.
Мемлекет басшысы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
ҰЛТТЫҚ домбыра күні құтты болсын!
Осы мерекеге орай сіздердің назарларыңызға Ордабасы аудандық «Өнер мектебі» Бадам ауылдық филиалының шәкірттерінің орындауындағы Құрманғазының «Қызыл қайың серпер» күиін назарларыңызға ұсынамыз!
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында халық композиторы, дәулескер күйші Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды.
«Домбыра – қазақтың паспорты мен бренді». Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді.
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев «Ордабасы» ұлттық тарихи — мәдени музей қорығының тыныс тіршілігімен танысуға арнайы келді.
Алдымен қорық музей экспозициясымен танысып шыққан өңір басшысы ашық аспан астында орналасқан тарихи мәдени ескерткіштердің де тарихымен танысты.Сонымен қатар алдағы уақыттарда қорық аумағына аудандық әкімшілік тарапынан абатандыру жұмыстары жүргізілетінін айтып өтті.
Құрметті Ақан Жылқышыбайұлы!
Қай ұлтқа, қай халыққа болса да сол ұлтпен, халықпен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан киелі мұралары қымбат.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!
АЛАҢДАЙТЫН ЖАҒДАЙ