Сәуірдің 26 күні «Ордабасы» аудандық мәдениет үйінде «Ордабасы» қорық ұжымның ұйымдастыруымен «Қазақ жоңғар қақтығысындағы Ордабасының рөлі» атты республикалық ғылыми — теориялық конференциясы өтті.Аталған шара «Ордабасы» ұлттық тарихи — мәдени қорығының құрылғанына 25 жыл толуына орай және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізіліп отыр. Конференция ашылуында Ордабасы ауданының әкім орынбасары Әбішұлы Азат және Түркістан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының өкілі Эльдар Темірханұлы құттықтау сөздерін айтып,баяндамашыларға сәттілік тіледі. Конференция барысында 12 тақырып бойынша ғылыми баяндамалар оқылды. Атап айтар болсақ алғашқы баяндаманы Х.Қ.Т.У профессоры М.Қожа «Абылайтану» тақырыбында оқыды.Сонымен қатар республикалық «Ежелгі-Тараз», «Есік» , «Берел» , «Әзірет –Сұлтан» , «Отырар» қорық музейлері және Түркістан облыстық этно орталық, Облыстық «Қажымұқан» атындағы спорт музей қызмекерлері мен Ордабасы аудандық мектебінің тарих пәнінің мұғалімдері өз баяндамалары оқып конференцияның жоғары дәрежеде өтуіне ат салысты.Конференция қорытынды сөзін «Ордабасы»ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ МӘДЕНИ ҚОРЫҒЫНЫҢ зейнеткері Шахар Қаназарұлы конференция қатысушы қонақтар мен баяндамашыларға өз алғысын айта отырып, оқылған баяндамалар алдағы уақытта тарихымызды танып білуде үлкен серпіліс жасайтынына сенім білдірді. Облыстық Қажымұқан спорт музейі мен аудандық өлкетану музейлеріне жасалған экскурсия соңы қасиетті Ордабасы тауында жалғасын тапты.