5 шілде күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Машат шатқалында орналасқан «Самал» жазғы сауықтыру лагерінде «Мемлекет жетістіктері Елбасының қажырлы жұмысының жемісі» атты фотокөрме қойылды. 6 шілде Астана күніне орайластырылып өткізіліп отырған бұл көрме Тәуелсіздік туын көтерген мемлекетіміздің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері мен тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетімізді көркейту жолындағы тың бастамалары мен батыл қадамының жемісін көрсету мақсатында ұйыдастырылған болатын. Аталған көрмеге мемлекетімізді әлемге танытқан тарихи оқиғалар мен игілікті іс – шаралардан көрініс беретін фотосуреттер және Елбасымыздың бірнеше кітаптары қойылып, көрермен балалардың қызығушылықтарын арттырды. Шара соңында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп,елін жерін сүюге батылдыққа үндейтін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген, «Күлтегін» анимациялық фильмі көрсетіліп балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.