20 қыркүйек күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы және Бадам ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында «Абай оқулары» атты аймақтық мектеп оқушылары арасында байқау өткізілді.

20 қыркүйек күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы және Бадам ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында «Абай оқулары» атты аймақтық мектеп оқушылары арасында байқау өткізілді. Аталған байқауға аймақтағы 6 мектептен 12 оқушы қатысып бақ сынады. Байқау екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезең «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» бұл кезеңде Абайдың кез келген өлеңін жатқа мәнерлеп оқу. Екінші кезең «Қара сөздің құдіреті» Абайдың қара сөзін оқып,зерделеп мазмұнын ашу керек болатын. Байқаудың әділ өтуіне ат салысып қазылық жасаған «Ордабасы» ұлттық тарихи –мәдени қорығының директоры Исматов Бахадир Абдуллаұлы, Бадам аумақтық ардагерлер кеңесінің мүшесі Омар Максим Сейдазымұлы, Бадам аумақтық әжелер алқасының төрайымы Абдірахманова Жібек, Бадам аумақтық аналар алқасының төрайымы Әбсаттарова Гүлбахрам ханымдар әрбір қатысушының өнерін бағалап тиісті бағаларын беріп отырды.Байқау барысында «Ордабасы триосы» Абай шығармаларынан «Көзімнің қарасы» «Желсіз түнде жарық ай» және де басқа да патриоттың өлеңдер шырқап байқауға қатысушыларды одан әрі шабыттандырып өте қызықты әрі әсерлі өтуіне септігін тигізді. Шараны қорытындылау барысында әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі 1 орынды Ақбұлақ жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әділхан Дастанға, 2 орын С.Сейфуллин атындағы 10 сынып оқушысы Абдукаримова Айданаға 3 орын «Ұлағат» жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қайназар Тоғжанға берілді. Байқау жеңімпаздарына «Ордабасы» ұлттық тарихи- мәдени қорығы атынан бағалы силықтар мен мадақтама қағаздар берілді. Сонымен қатар байқауға қатысып белсенділік танытқан барша үміткерлерге алғыс хаттар беріліп,сәттілік тіледі. Шара соңында «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының директоры Исматов Бахадир Абдуллаұлы Абайдың мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыратын асыл мұра екендігін, кеудесіндегі жүрегі мен қазақпын деп соғатын еліміздің әр азаматы Абай шығармаларын оқып, біліп сезінуге міндетті екенін тілге тиек етіп, жеңімпаздарды шын жұректен құтықтап, әлі де биік шыңдардан көріне берулеріне тілектес екендігін айтып өтті.