Биыл Ордабасы қорығында сапар орталық салу жоспарлануда.
***Қысқаша ақпарат
1726 жылдың көктемінде Қазақ халқының дана билері Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйғаруымен Ордабасы тауында Ұлы жиын өтіп,халқымызды жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық майданын ашуға ортақ шешім жасап,ұлт болып бірігуге бәтуаласты. Осы бірігудің арқасында қазақ жасағы 1727 жылы Бұланты мен Білеуті өзені бойындағы «Қара сиыр» деген жерде қалмақ жасағына ойсырата соққы беріп, жеңіске жетті. Содан бері ол жер тарихта «Қалмаққырылған» деген атпен қалған……
Қасиетті де киелі Ордабасы қашанда халқымыздың ұлттық мақтанышы болып қала береді.