«Көнеден қалған құнды жәдігерлер» тақырыбында көрме қойылып, мектеп оқушылары мен ұстаздардың назарына ұсынылды.

2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялануына орай, аудандық қалалық жалпы орта мектептерінде ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу, музей қорында жинақталған құнды жәдігерлерді насихаттау мақсатында «Ордабасы» ұлттық – тарихи мәдени қорық музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көшпелі көрмелер өткізілуде.Осындай көрме жұмысы ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Шымкент қаласында орналасқан №137-ші жалпы орта білім беру мектебінде «Көнеден қалған құнды жәдігерлер» тақырыбында қойылып, мектеп оқушылары мен ұстаздардың назарына ұсынылды.Жоғарыда айтып өткендей көрменің басты мақсаты жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімін оятып, бабалардан қалған асыл мұрамызды қастерлеп құрмет тұтуға тәрбиелеу. Көрмеге музейдің негізгі қорындағы 200ге тарта құнды жәдігерлер, керамикалық ыдыстар, қола,темір, сүйектен жасалынған найза, жебе ұштары, Түргеш, Қараханид, Шағатай, Соғды, Әмір-Темір, Бабыр билігі кезінде соғылған күміс, мыс, қоладан жасалынған тиындар және де 19-20 ғасырларда тұрмыстық жағдайда қолданылған мыстан, ағаштан жасалынған этнографиялық жәдігерлер қойылды. Көрме барысында ұстаздар мен оқушылар төл тарихымыз туралы мол мәлімет алып, өткен ғасырлардан сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысып ерекше әсер алғандарын айтты.Алдағы уаққыттарда да осындай көрме  жұмыстары   өз  жалғасын табатын болады.