Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген болатын. Өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылап айтып өтті. Балалар жылына орай, 18 мамыр Халықаралық музейлер күні қарсаңында, «Музей-өлкенің тарихы, халықтың қазынасы» тақырыбында мерекелік іс-шарасы болып өтті.Мерекелік шараны Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорық музейінің бөлім басшысы Махамбетов Қайратбек сөз сөйлеп,қазіргі таңда қорық музейлердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы айтып өтіп, оқушыларды музейлер күнімен құттықтап өтті.Сонымен қатар оқушыларға қорық музей аумағында орналасқан ашық аспан астындағы тарихи мәдени ескерткіштер мен музей экпозициясына қойылған керамикалық, археологиялық , нумизматикалық жәдігерлерлердің тарихы мен таныстыру мақсатында экскурсия жүргізілді. Мерекелік іс-шара барысында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында оқушы балалар арасында арқан тарту,секіртпе,қол күрес спорттық ойындар өткізілді.Жеңімпаздарға қорық музей атынан арнайы алғыс хаттар мен мадақтамалар табысталды.Оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында шара соңында патриоттық әндер шырқалды.