17 мамыр күні Ордабасы аудандық кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Ордабасы » ұлттық тарихи-мәдени қорығының құрылғанына 25 жыл толуына орай Ордабасы қорық қызметкерлерімен кездесу кеші өткізілді.Сонымен қатар бұл іс шараға Ордабасы ауданының құрметті азаматы Данешов Гайдар және зейнет жасындағы жергілікті ақын Абылайхан Өмірұлы қонақ ретінде шақырылды. Бірінші болып сөз алған ауданның құрметті азаматы Данешов Гайдар ағамыз аудан тарихынан кеш қонақтарына мәлімет берді,»Ордабасы» қорығының бас қор сақтаушысы Касымов Бакытбек Ордабасыдағы 1726 жылғы жиын жайлы толығырақ мағлұмат беріп, қорықтың қазіргі тыныс тіршілігі мен таныстырды және Амангелді жалпы орта мектеп оқушылары Сапаров Бағлан және Шалқар Нурила туылған жеріне арналған Ордабасы жайлы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Кеш соңында Ордабасы оттары газетінің меншікті тілшісі Батырәлі Жүрсінбек Ордабасы қорығының 25 жылдығына арнау өлеңін оқып қорықтың мерейтойымен құттықтады.