5 маусым күні «Ордабасы» ұлттық тарихи — мәдени қорығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Ордабасы» қорығында «Бар жақсылық балаларға» атты қайырымдылық іс – шарасы өткізілді.Іс – шараның ашылу барысында, «Ордабасы» ұлттық тарихи- мәдени қорығының директоры: Б.Исматов балаларға өз тілегін білдіріп, тарихи орындарға жасалатын саяхаттарына сәттілік тіледі. Жас саяхатшылар қорық мұражайындағы жәдігерлермен танысып, ашық аспан астындағы тарихи орындарға саяхат жасады. Сонымен қатар арнайы жайылған дастарханнан дәм татып сусындаған жас саяхатшылар ұлттық ойындарымызды дәріптеу мақсатында алтыбақан теуіп асық ойыны ойнатылды.Іс-шара барысында Ордабасы қорығының мәдени іс- шараларды ұйымдастырушы: Өтемұрат Есболат ағамыздың ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әсерлі көңіл күй сыйлаған бұл концерттік бағдарламада саяхатшылар арасынан өз өнерлерін көрсетіп ән айтып би биледі. Іс шараны қорытындылай келе қорық директоры: Б.Исматов «Ордабасы» ұлттық тарихи- мәдени қорық атынан барлық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Жас саяхатшы» сертификатын тапсырып алдағы өмірде сәттілік тіледі. Жетім көрсең жебей жүр дегендей сәл де болса бұл бүлдіршіндердің көңілін көтеріп төл тарихымыздан мағлұмат бердік деген оймен алдағы уақытта да осындай игі істеріміз жалғасын табады.