Бүгін Шымкент қаласындағы ардагерлер үйінде Ордабасы ұлттық тарихи — мəдени қорығының қызметкерлері Ордабасы ұлттық тарихи-мəдени қорығының құрылғанына 25 жыл толуына орай тарихи танымдық мəдени іс-шарасын өткізді.Іс шара барысында Ордабасы қорығының тарихымен таныстырып ондағы тарихи орындар туралы мəліметтер берілді.Сонымен қатар қорық мұрағатындағы тарихи фото суреттер мен бейнебаян көрсетілді.Соңы концерттік бағдарламаға ұласқан бұл іс-шара демалып емделуші қарияларға көтеріңкі көңіл күй силады. Қариялар ризашылығын білдіріп, қорық қызметкерлеріне ақ батасын берді.