9 Тамыз күні «Ордабасы»Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының қызметкерлері Сайрам ауданында орналасқан «Машат» жазғы балалар демалыс кешенінде «Ордабасы қорығына 25 жыл! » тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырды.Көрмеге музей қорығындағы жәдігерлер мен «Ордабасы» тауында өткен бірліктің бастауы болған Ұлы жиынның маңыздылығы түсіндірілді. Төле,Әйтеке,Қазыбек билердің,хандарымыздың,қол бастаған батырларымыздың Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығына қарсы «Ордабасы»тауында күш біріктіріп,Елін,Жерін сақтап қалудағы іс-қимылдарын бейне ролик арқылы оқушыларға көрсетілді.Сонымен қатар,»Ордабасы» қорығындағы ашық аспан астындағы ескерткіштердің суреттері,слайд шоу арқылы оқушыларға көрсетілді.Көрме соңында «Ордабасы»Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының мәдени іс-шаралар меңгерушісі Өтемұрат Есболат ағамыздың әндері демалушы балаларға көтеріңкі көңіл күй силады.