«Ұлы жібек жолы-адамзат өркениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан бастау алып, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған Ұлы жібек жолы сан ғасырлар бойы қаншама мемлекеттер арасын жалғастырушы алып күре жол ретінде күннен күнге маңыздылығы артып, бүгін де өз тіршілігін жалғастыруда. Ұлы жібек жолы тарихи экономикалық және табиғи байланыс, сонымен қатар діни ортақтық халықтардың жақындасуында маңызды рөл атқарды. Осы ұлы сүрлеудің әлемдік өркениетке қосқан үлесін талқылау мақсатында 9 ақпан күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығының ұйымдастыруымен «Ұлы жібек жолы-адамзат өркениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ұйымдастырылған бұл шара Бадам ауылдық кітапханасында қоғамдық ұйым жетекшілері, мұғалімдер, зейнеткер ұстаздары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен өтті. Шара барысында Ұлы жібек жолы туралы шағын бейнеролик көрсетіліп, көптеген мәліметтер айтылды. Сонымен қатар шараға қатысушылар Ұлы жібек жолының болашағы түрлі түрлі пікірлер айтып, өз ойларын білдірді ..