Ежелгі заманда адам баласы дөңгелекті ойлап тауып өркениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Осылайша дөңгелек кейінірек бүкіл техниканың ең басты тетігіне айналды. XX ғасырда ауыл шарушылығында жер игеру, жүк тасымалдау мақсатында темір дөңгелекті ат арбалар қолданыста болды.Бүгінде техника көз ілеспес жылдамдықпен дамып , аталған темір дөңгелекті арбалар да біртіндеп қолданыстан қалып өткен дәуірдің ескерткіші ретінде музей жәдігеріне айналуда. Осындай темір дөңгелектердің бірі «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық қызметкерлерінің музей қорын толықтыру мақсатында ұйымдастырылған этнографиялық экспедиция кезінде Бадам ауылының тұрғынынан табылды.Дөңгелек иесі Бекболат Ерханның айтуы бойынша өткен ғасырда атасы Бекболат Ордабек осы темір дөңгелекті арбаны шарушылықта қолданған екен.Темір дөңгелектің жалпы диаметрі 66 см.