«Елімнің рәміздері — халқымның мақтанышы,ел шаттығы» тақырыбында іс шара өткізілді.

Биыл тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздеріне 30 жыл.
Осы жылдар ішінде талай халықаралық мерекелік шаралар мен шет мемлекеттерде президентіміздің қатысуымен өткен мәртебелі жиындарда мемлекеттік туымыз желбіреп , әнұранымыз шырқалған болатын. Осы аталған 30 жыдық мерейтой аясында «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Елімнің рәміздері халқымның мақтанышы,ел шаттығы» тақырыбында іс — шара өткізілді. Ордабасы ауылы Ордабасы жалпы орта мектебінде өткен бұл шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.Шара барысында рәміздер тарихынан видеоролик көрсетіліп , сұрақтар қойылды. Мемлекеттік рәміздерімізге арналған іс-шара соңы оқушылар мен ұстаздардың орындауында жанды дауыста әнұран шырқалып , рәміздерімізге құрмет көрсетілді.
ҚР Конституциялық заңы 34 бап Қазақстан Республикасының әр бір азаматы мемлекетік рәміздерді білуге және құрметтеуге міндетті.