Бүгін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Бар жақсылық балаларға» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.
Аталған шараның өтуіне «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық музейі демеушілік жасап өз үлесін қосты. Ордабасы аудандық «Күндізгі қатынау» жартылай стационарлық үлгідегі бөлімінде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалар қамтылған бұл шарада жас өнерпаздар ән шырқап би билеп өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар шара барысында балаларға сый сияпаттар ұсынылып қуанышқа бөледі. Шара соңында Ордабасы аудандық «Күндізгі қатынау» жартылай стационарлық үлгідегі білім беретін бөлім басшысы шараның өтуіне өз үлестерін қосқан мекемелер мен азаматтарға алғыс хаттар табыстады. Атап өтсек бұл күн тек балаларға арналған көңілді мереке ғана емес, барлық балалардың бақыты балалық шағына, толық білім алуларына, сүйікті істерімен айналысуға жағдай жасауды және болашақта үлгілі ата-ана және өз елінің беделді азаматтары болулары үшін қоғамға бала құқығын қорғау қажеттігі туралы тағы бір сәт еске салғандай.
20 қыркүйек күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы және Бадам ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында «Абай оқулары» атты аймақтық мектеп оқушылары арасында байқау өткізілді.
20 қыркүйек күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы және Бадам ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында «Абай оқулары» атты аймақтық мектеп оқушылары арасында байқау өткізілді. Аталған байқауға аймақтағы 6 мектептен 12 оқушы қатысып бақ сынады. Байқау екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезең «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» бұл кезеңде Абайдың кез келген өлеңін жатқа мәнерлеп оқу. Екінші кезең «Қара сөздің құдіреті» Абайдың қара сөзін оқып,зерделеп мазмұнын ашу керек болатын. Байқаудың әділ өтуіне ат салысып қазылық жасаған «Ордабасы» ұлттық тарихи –мәдени қорығының директоры Исматов Бахадир Абдуллаұлы, Бадам аумақтық ардагерлер кеңесінің мүшесі Омар Максим Сейдазымұлы, Бадам аумақтық әжелер алқасының төрайымы Абдірахманова Жібек, Бадам аумақтық аналар алқасының төрайымы Әбсаттарова Гүлбахрам ханымдар әрбір қатысушының өнерін бағалап тиісті бағаларын беріп отырды.Байқау барысында «Ордабасы триосы» Абай шығармаларынан «Көзімнің қарасы» «Желсіз түнде жарық ай» және де басқа да патриоттың өлеңдер шырқап байқауға қатысушыларды одан әрі шабыттандырып өте қызықты әрі әсерлі өтуіне септігін тигізді. Шараны қорытындылау барысында әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі 1 орынды Ақбұлақ жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әділхан Дастанға, 2 орын С.Сейфуллин атындағы 10 сынып оқушысы Абдукаримова Айданаға 3 орын «Ұлағат» жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қайназар Тоғжанға берілді. Байқау жеңімпаздарына «Ордабасы» ұлттық тарихи- мәдени қорығы атынан бағалы силықтар мен мадақтама қағаздар берілді. Сонымен қатар байқауға қатысып белсенділік танытқан барша үміткерлерге алғыс хаттар беріліп,сәттілік тіледі. Шара соңында «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының директоры Исматов Бахадир Абдуллаұлы Абайдың мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыратын асыл мұра екендігін, кеудесіндегі жүрегі мен қазақпын деп соғатын еліміздің әр азаматы Абай шығармаларын оқып, біліп сезінуге міндетті екенін тілге тиек етіп, жеңімпаздарды шын жұректен құтықтап, әлі де биік шыңдардан көріне берулеріне тілектес екендігін айтып өтті.
26 тамыз Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы мен Ордабасы аудандық әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Ордабасы ауданының 55 жылдық мерей тойына орай аудандық жастар сарайында «Тарихқа тұнған Ордабасы» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өткізді.
Тарихқа Тұнған Ордабасы.
26 тамыз Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы мен Ордабасы аудандық әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Ордабасы ауданының 55 жылдық мерей тойына орай аудандық жастар сарайында «Тарихқа тұнған Ордабасы» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өткізді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абдикулов Аңсарбек Советұлы құттықтау сөздерін айтып, баяндамашыларға сәттілік тіледі. Алғашқы болып сөз алған Тарих ғылымдарының кандидаты Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығының археолог маманы Ержан Есжан «Қазақ жоңғар қатынасы туралы. Шынайы дерек және жалған құжат» тақырыбында баяндама оқыды. Ордабасы өңіріндегі киелі де қасиетті орындар жайлы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының қор сақтаушысы Шартаков Қайырхан Орынбекұлы , «Ұлағат» жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бағланбаева Сара Мирановна, Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің қызметкері Ескермес Меруерт өздерінің ғылыми баяндамаларын оқыды. Конференцияның қорытынды сөзінде Ордабасы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Абдіқайымұлы Ордабасы ауданының 55 жылдық мерей тойымен конфереция қатысушылары барша аудан тұрғындарын құттықтады.
5 шілде күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Машат шатқалында орналасқан «Самал» жазғы сауықтыру лагерінде «Мемлекет жетістіктері Елбасының қажырлы жұмысының жемісі» атты фотокөрме қойылды.
5 шілде күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Машат шатқалында орналасқан «Самал» жазғы сауықтыру лагерінде «Мемлекет жетістіктері Елбасының қажырлы жұмысының жемісі» атты фотокөрме қойылды. 6 шілде Астана күніне орайластырылып өткізіліп отырған бұл көрме Тәуелсіздік туын көтерген мемлекетіміздің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері мен тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетімізді көркейту жолындағы тың бастамалары мен батыл қадамының жемісін көрсету мақсатында ұйыдастырылған болатын. Аталған көрмеге мемлекетімізді әлемге танытқан тарихи оқиғалар мен игілікті іс – шаралардан көрініс беретін фотосуреттер және Елбасымыздың бірнеше кітаптары қойылып, көрермен балалардың қызығушылықтарын арттырды. Шара соңында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп,елін жерін сүюге батылдыққа үндейтін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген, «Күлтегін» анимациялық фильмі көрсетіліп балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.
27 Маусым күні Түлкібас ауданына қарасты «Машат» балалар жазғы сауықтыру лагерінде, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ордабасы ырысы мол -құт мекен» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырылды.
27 Маусым күні Түлкібас ауданына қарасты «Машат» балалар жазғы сауықтыру лагерінде, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ордабасы ырысы мол -құт мекен» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге түрлі кезеңдерге жататын мыстан, керамикадан, темірден,ағаштан және археологиялық қазба жұмыстарынан табылған сонымен қатар бірнеше этнографиялық жәдігерлер қойылды. Көрме барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алып , музей қызметкерлері әрбір жәдігердің тарихын тереңінен түсіндіріп өтті. Көрме барысында арнайы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Мұзбалақ» анимациялық филмі көрсетілді. Алдағы уақыттарда балалар жазғы демалас орындарында көшпелі көрмелер өз жалғасын табады.
1 маусым балаларды қорғау күні қарсаңында 23 мамыр күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық ұжымының ұйымдастырумен «Бар жақсылық балаларға» атты қайырымдылық шарасын өткізді.
1 маусым балаларды қорғау күні қарсаңында 23 мамыр күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық ұжымының ұйымдастырумен «Бар жақсылық балаларға» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Аталған шараға Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері арнайы шақырылған болатын. Тарихи – мәдени орындар мен ескерткіштерге саяхат жасаумен басталған шара барысында алғашқы рет «Сақ» киностудиясында түсірілген «Ордабасы — бірлік туы» анимациялық фильмі көрсетілді. Жеке және топтық спорттық ойындар ойнатылып жеңімпаздарды анықтаған бұл шара тартысты әрі қызықты өткізіліп балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар балалар түрлі тақырыпта ән айтып би билеп өз өнерлерін көрсетті. Ұлттық болмысымызды көрсетіп балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында жаппай қара жорға биі билетіліп, шараның одан әрі қызықты өтуіне өз септігін тигізді. Өз кезегінде балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татып,сусындады. Шара соңында балаларға «Ордабасы» қорық атынан «Жас саяхатшы» сертификаты беріліп, балалар қорық ұжымына өздерінің ыстық ықыластарын білдірді. Шараны қорытындылай келе дана халқымыз «Адамның бақыты — балада» деп айтқандай балаларымыз еш қашан жабырқамай жетімдікті көрмей бақытты өмір сүрсін деп тілек білдірдік.
Сәуірдің 26 күні «Ордабасы» аудандық мәдениет үйінде «Ордабасы» қорық ұжымның ұйымдастыруымен «Қазақ жоңғар қақтығысындағы Ордабасының рөлі» атты республикалық ғылыми — теориялық конференциясы өтті.
Сәуірдің 26 күні «Ордабасы» аудандық мәдениет үйінде «Ордабасы» қорық ұжымның ұйымдастыруымен «Қазақ жоңғар қақтығысындағы Ордабасының рөлі» атты республикалық ғылыми — теориялық конференциясы өтті.Аталған шара «Ордабасы» ұлттық тарихи — мәдени қорығының құрылғанына 25 жыл толуына орай және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізіліп отыр. Конференция ашылуында Ордабасы ауданының әкім орынбасары Әбішұлы Азат және Түркістан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының өкілі Эльдар Темірханұлы құттықтау сөздерін айтып,баяндамашыларға сәттілік тіледі. Конференция барысында 12 тақырып бойынша ғылыми баяндамалар оқылды. Атап айтар болсақ алғашқы баяндаманы Х.Қ.Т.У профессоры М.Қожа «Абылайтану» тақырыбында оқыды.Сонымен қатар республикалық «Ежелгі-Тараз», «Есік» , «Берел» , «Әзірет –Сұлтан» , «Отырар» қорық музейлері және Түркістан облыстық этно орталық, Облыстық «Қажымұқан» атындағы спорт музей қызмекерлері мен Ордабасы аудандық мектебінің тарих пәнінің мұғалімдері өз баяндамалары оқып конференцияның жоғары дәрежеде өтуіне ат салысты.Конференция қорытынды сөзін «Ордабасы»ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ МӘДЕНИ ҚОРЫҒЫНЫҢ зейнеткері Шахар Қаназарұлы конференция қатысушы қонақтар мен баяндамашыларға өз алғысын айта отырып, оқылған баяндамалар алдағы уақытта тарихымызды танып білуде үлкен серпіліс жасайтынына сенім білдірді. Облыстық Қажымұқан спорт музейі мен аудандық өлкетану музейлеріне жасалған экскурсия соңы қасиетті Ордабасы тауында жалғасын тапты.
«Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында 2018 ж. атқарылған шаралар туралы Анықтама
2018 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мынадай ірі шаралар жүзеге асырылды:
— Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған Астана, Алматы қалалары мен облыстық мәдениет басқармалары жетекшілерінің, жұмыс тобы мен ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің, ғалымдардың қатысуымен екі Республикалық форум өткізілді. Екінші форум аясында 2018 жылы 15 қаңтарда ҚР Ұлттық музейінде «Рухани жаңғыру» залының салтанатты ашылу болды.
— 2018 жылы ҚР Үкіметінің қаулыларымен (2018 ж. 31 наурыздағы № 150 және 4сәуірдегі № 162) Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты республикалық «Бозоқ», «Ботай» және «Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорықтары құрылды;
— 2018 жылы 15 мамырда ҚР Ұлттық музейінде Батыс өңірлерінің қасиетті жерлеріне, тұлғаларымен байланысты тарихи-мәдени мұраларды насихаттауға арналған «Батыс жауҺарлары» атты көрме ұйымдастырылды.
— өңірлерде 2017 жылы жарық көрген «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітаптарының тұсаукесерлері ұйымдастырылды;
— «Қасиетті Қазақстан» энциклопедициясының 2-ші томы жарыққа шықты;
— жалпыұлттық қасиетті нысандар туралы әлеуметтік желілерге арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мобильді форматтағы бейнеролик (60 дана) түсірілді;
— Қазақстанның киелі жерлерінің жалпыхалықтық тізіміне енген 10 нысанның (Жошы хан, Алаша хан, Бекет ата кесенелері, Бөкей орда кешені, Абай-Шәкәрім, Қорқыт атамемориалдық кешендері, Қарасай-Ағынтай, Баба Түкті Шашты Әзіз, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Арыстанбаб кесенелері) 3D моделдері жасалды;
-2018 жылы Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген, республикалық маңызы бар 23 тарих және мәдениет ескерткішінеғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді(Шақпақ ата, Қараман ата қорымдары, Қ.А.Яссауи, Арыстанбаб кесенелері, Аппақ ишан, Ақыртас кешендері, Ескі Түркістан, Сауран, Сығанақ,Көне Тараз, Талғар қалашықтары т.б.);
-Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты «Отырар», «Ұлытау», «Таңбалы»мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтарының аумағында Сапар орталықтардың құрылыстары жүргізілді, олардың құрылыстары 2019 жылы толық аяқталады;
— қараша айында «Қасиетті Қазақстан» орталығы қызметкерлері Ресей аумағындағы қазақ тарихына қатысы бар киелі жерлерге экспедиция ұйымдастырды;
— Қазақстандағы киелі жерлер туралы деректі фильмдер («Байқоңыр космодромы», «Жоңғар Алатауы-Бұрхан бұлақ сарқырамасы-Хан тәңірі-Нарынқол», «Жетісу – Қазақстанның таңғажайып табиғаты туралы», «Қатон-Қарағай – Қазақстанның таңғажайып табиғаты туралы») түсірілді.
Сонымен қатар, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасын тиімді жүзеге асыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында негізгі және ілеспе заң жобаларын әзірледі. Бүгінгі күнде аталған заң жобалары Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.
2019 жылы 21 ақпанда Атырау қаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»жобасына арналған ІІІ Халықаралық форумы өтті.
Форум аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында 2018 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары және т.б. мәселелер талқыланып, киелі жерлерге арналған көрме, «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы 2-томының тұсаукесері ұйымдастырылды.
Форум жұмысына «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасы жөніндегі сараптамалық кеңестің мүшелері, мәдениет басқармаларының басшылары, облыстық музейлердің, тарихи-мәдени мұраны қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі инспекцияныңбасшылары мен мамандары, мемлекеттік органдардың, алыс-жақын шет мемлекеттердегі қазақ диаспорасының өкілдері, ғалымдар қатысты.
Қазақстан жастарына үндеу хат
23 қаңтар күні Астана қаласындағы «Нұр Әлем» павильонында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атауымен Жастар жылының салтанатты ашылуы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын. Жиынға 34 жасқа дейінгі маркетинг, агроөнеркәсіп, инновация, технология, білім беру, ІТ, металлургия, энергетика, спорт, шетелдегі қазақтар, әдебиет, өнертапқыштар, көп балалы ана, мәдениет және т.б. салаларында орасан жетістіктерге жеткен жастар аталмыш жиынға қатысып, өздерінің ұсыныстары мен жеке пікірлерін барша қазақстандықтарға жеткізе отырып, жалынды жастарды бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Осындай ұрандатылған жиыннан соң редакциямызға хабарласқан жастардың қатары көп болды. Көбісі сол жиынды теледидар арқылы тамашалағанын айтып, өзінше демеулерін білдірткен. Солардың қатарында Мәдениет және спорт саласында қызмет етіп жүрген жастар. Елбасына және жастарға арналған Үндеу хатын толық нұсқасында бергенді жөн көрдік. АСА ҚҰРМЕТТІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ және ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҚ БЕТКЕ ҰСТАР ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ! Сіз «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауыңызда 2019 жылды Жастар жылы деп атап көрсеткен едіңіз. Жастар жылының жариялануы еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға ниетті жастар үшін үлкен серпіліс сыйлады. Сіздің қатысуыңызбен ашылған Жастар жылы жүрегімізге жігер бітіріп, рухымызды аспандатты. Жастар жылы аясында ауқымды шаралардың жанынан табылып, бірегей бастамаларды жүзеге асыруға әзірміз. Жастар жылы еліміздегі жас буын өкілдерінің тұлға болып қалыптасуына, әр саладағы үздік саңлақтарды, өз ісінің білікті мамандарын танытуға септігін тигізеді деп сенеміз. Жастар – қоғамның басты қозғаушы күші. Жастар – еліміздің болашағы. Еліміз егемендікке қол жеткізген тұстан бастап осы қағиданы берік ұстанды. Жастардың мемлекет дамуы мен өркендеуіндегі басымдылыққа ие орнын анықтай отырып, жастарды қолдаудың түрлі бағдарламалары қабылданды және өзінің жемісті нәтижесін берді деп айтуға толық негіз бар. Ондай мемлекеттік бағдарламалар қатарында жастардың озық елдердің тәжірибесі мен білімін игеруге күш жұмсаған «Болашақ» бағдарламасы және де «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға!» атты мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Бұл егемендіктің алғашқы күндерінен ақ жастар мәселесінің мемлекет назарынан тыс қалмағандығының басты дәлелі. 2019 жыл – осы тарихи сабақтастықтың заңды жалғасы ретінде «Жастар жылы» деп аталды. Сөзсіз Елбасының жастарға деген зор құрметі мен ыстық ықыласы тәуелсіздік жылдарында анық байқалып, іс жүзінде орындалғанына жас буын куәгер. Аталған бастама жастарға деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрсеткіші. Алар асуымыз, бағындырар белестеріміз және болашағымыздың баяндылығы үшін бағытталған мерейлі жыл жалынды жастардың қалыптасуына көп септігін тигізетініне сеніміміз мол! Аса мәртебелі, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің сарабдал саясатыңыз бен тәуелсіздік рухымен өскен жастардың еңбегі елімізді жаңа жетістіктерге жетелейтініне кәміл сенеміз! ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекеме ұйымдарының бір топ жастары: Д. Н. Тілендиева – Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының қызметкері; Д. Т. Белгібаев – Т.Жүргенов атындағы ҚазӨА оқытушысы; А. Ж. Амаргазиева – «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері; Д. Т. Әлиақпар – «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК-тың қызметкері; А. А. Ғаббасова – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының қызметкері; А. Б. Манапова – ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қызметкері; Н. Н. Жолдыбалинов – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері; А. Жүсіпқызы – Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкері; Б. Т. Ргызбаева – «Мемлекеттік академиялық би театры» РМҚК қызметкері; А. Тоқтахметова – «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның қызметкері; М. Әмірғалиев – «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің қызметкері; Е. И. Сапарбаев – «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» РМҚК-ның қызметкері; Э. М. Есполова – «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» Мемлекеттік музейі» РМҚК қызметкері; Н. Н. Куспанова – «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» қызметкері; А. Б. Бираяқов – «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің қызметкері; К. Исмаилов – «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкері; М. Құсайынова – «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері; Ж. А. Көрпебаев – «Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі» РМҚК қызметкері; Қ. Омаров – «Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» қызметкері; А. Қалтай – «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкері; А. М. Мұхтарханов – «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері; Р. Кешубаева – «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері; А. Сатубалдин – ҚР Ұлттық музейінің қызметкері; Ж. Алпысбаева – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мемлекеттік қорық-музейінің қызметкері; С. Ү. Абдрахманов – «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі қызметкері; Ж. Шілдебаева – «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкері; А. Жолдасов – «ҚР Ұлттық кітапханасы» қызметкері; Ж. Т. Абиева – ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қызметкері; А. Орынбаева – «Астана Балет» театрының қызметкері; Б. Байболов – «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері; Е. Отарбаев – «Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының қызметкері.
Толығырақ: https://aikyn.kz/2019/01/31/78816.html
www.aikyn.kz