2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялануына орай, аудандық қалалық жалпы орта мектептерінде ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу, музей қорында жинақталған құнды жәдігерлерді насихаттау мақсатында «Ордабасы» ұлттық – тарихи мәдени қорық музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көшпелі көрмелер өткізілуде.Осындай көрме жұмысы ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Шымкент қаласында орналасқан №137-ші жалпы орта білім беру мектебінде «Көнеден қалған құнды жәдігерлер» тақырыбында қойылып, мектеп оқушылары мен ұстаздардың назарына ұсынылды.Жоғарыда айтып өткендей көрменің басты мақсаты жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімін оятып, бабалардан қалған асыл мұрамызды қастерлеп құрмет тұтуға тәрбиелеу. Көрмеге музейдің негізгі қорындағы 200ге тарта құнды жәдігерлер, керамикалық ыдыстар, қола,темір, сүйектен жасалынған найза, жебе ұштары, Түргеш, Қараханид, Шағатай, Соғды, Әмір-Темір, Бабыр билігі кезінде соғылған күміс, мыс, қоладан жасалынған тиындар және де 19-20 ғасырларда тұрмыстық жағдайда қолданылған мыстан, ағаштан жасалынған этнографиялық жәдігерлер қойылды. Көрме барысында ұстаздар мен оқушылар төл тарихымыз туралы мол мәлімет алып, өткен ғасырлардан сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысып ерекше әсер алғандарын айтты.Алдағы уаққыттарда да осындай көрме жұмыстары өз жалғасын табатын болады.
«Мәртөбеден Ұлытауға» экспедициясының өкілдері Ордабасы тауында бас қосты
«Ордабасы» қорық аумағында өсетін, ерекше қорғауға алынған «Корольков» қызғалдағы.
Алтай мен Жайықтың ортасын мекен еткен кең байтақ қазақ даласы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдіктерге бай.Оның бірі көздің жауын алар әсемдігімен ерекшеленетін қызғалдақ гүлі. Ғалымдардың есебі бойынша қазіргі таңда ,Қазақ жерінде қызғалдақтың 35 түрі белгілі,оның 12-сі Қазақстаннан басқа ешбір мемлекеттен кездестіре алмайсыз. 35 түрдің ішіндегі 18-і Қызыл кітапқа еніп, ерекше қорғауға алынған. Бүгін біз сіздерге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт минстірлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық музейі аумағында өсетін ерекше қорғауға алынған «Корольков» қызғалдағы жайлы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз. Корольков қызғалдағы лалагүлдер туысына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі 10–20 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1–2 см, қатты терілі, қара, кейде жер бетіне дейін созылған, жоғарғы жағы түкті жүнді қабықты. Сабағы жалаңаш; жапырақ саны үшеу, қайырылған, едәуір алшақ орналасқан, бұйра, көкшіл, сұр, әдетте гүлден биік, төменгі таспа тәрізді, ені 0,5–1 см. Гүлі біреу; гүл серігі қызыл, кейде сары немесе ала болады. Ұзындығы 2–4 см, ішкі жағының түбінде шағын қима дағы бар, әдетте доғал, түкті ұшы қысқа, сырты кер жұмыртқа тәрізді, іші шамалы жіңішке; аталықтары гүл серігінен 2,5 есе қысқа, олардың жіпшелері қара, көбіне төменгі жағы сары, тозаңдықтары сары, жіптерінен 1,5 – есе қысқа, түйнің аналық ауызы орнықты болып келеді. Бүгінде «Ордабасы» қорық – музей аумағында өсіп тұрған Корольков қызғалдағын көруге еліміздің түпкір түкпірінен ғалымдар,ботаниктер, блогерлер, туристер арнайы келіп, табиғат ананың бізге берген тамаша сыйы қызғалдақтарды көріп, суретке түсіп өз таңданыстарын білдіруде. Бас аяғы бір ай көлемінде көз қуанышына айналатын бұл қызғалдақтар бүгінде гүл ашып жайқалуда. Осы орайда «Ордабасы» қорық – музейінде жаңа маусымдық «Королков қызғалдағы» туристік бағыттың ашылуына орай, баршаңызды қызғалдақтарды тамашалап әсем табиғатпен танысуға шақырамыз.
«Қош келдің , Әз — Наурыз» тақырыбында Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мерекесі аталып өтілді.
Бадам ауыл округінде орналасқан жастар аллеясында «Қош келдің ,Әз -Наурыз» тақырыбында Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мерекесі аталып өтілді. Наурыз мерекесін Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы ашып беріп, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, Бадам ауылының түрлі сала қызметкерлерін арнайы Ордабасы аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға келген ауыл тұрғындары «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының «Киелі мекеннің қазыналы жәдігерлері» тақырыбындағы көрмесін тамашалады. Көрмеде Ордабасы қорығында сақталған археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық жәдігерлер таныстырылды. Сонымен қатар мерекелік шара барысында ақындар айтысы ұйымдастырылып , ұлттық ойындар ойнатылды.Ауыл қариялары ақ баталарын білдіріп, Наурыз тойы «Ордабасы» тобының орындауындағы әндермен өз жалғасын тапты .
«Елімнің рәміздері — халқымның мақтанышы,ел шаттығы» тақырыбында іс шара өткізілді.
«Бір отан – бір отбасы» тақырыбында Бадам ауылында тұратын өзге ұлт өкілдерімен кездесу мерекелік шарасы өткізілді.


Музей қоры жәдігерлермен толықты
«Ұлы жібек жолы-адамзат өркениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан бастау алып, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған Ұлы жібек жолы сан ғасырлар бойы қаншама мемлекеттер арасын жалғастырушы алып күре жол ретінде күннен күнге маңыздылығы артып, бүгін де өз тіршілігін жалғастыруда. Ұлы жібек жолы тарихи экономикалық және табиғи байланыс, сонымен қатар діни ортақтық халықтардың жақындасуында маңызды рөл атқарды. Осы ұлы сүрлеудің әлемдік өркениетке қосқан үлесін талқылау мақсатында 9 ақпан күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығының ұйымдастыруымен «Ұлы жібек жолы-адамзат өркениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ұйымдастырылған бұл шара Бадам ауылдық кітапханасында қоғамдық ұйым жетекшілері, мұғалімдер, зейнеткер ұстаздары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен өтті. Шара барысында Ұлы жібек жолы туралы шағын бейнеролик көрсетіліп, көптеген мәліметтер айтылды. Сонымен қатар шараға қатысушылар Ұлы жібек жолының болашағы түрлі түрлі пікірлер айтып, өз ойларын білдірді ..